15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

қолайлы кҿреді. Біздіңше, Абайдың осы таңдауында үлкен суреткерлік

ұстанымның негізі бар. Ҿйткені «жүректен тербеп» тіркесінің мағынасының

нақты денотаттық тҿркіні затты, деректі емес, абстрактылы. Бұл жерде тек қана

«жүректің тербелуі» немесе «жүректі тербеу» туралы мағына жоқ, белгілі бір

құбылыстың, мҽтін негізінде нақты айтатын болсақ, адамның тұтас

болмысының «жүректен тербелуі» туралы мағына бар.

Түрік тіліне З.Исмаилдың аудармасы:

Uzaktan çağirir,

Yüreği oynatir

Eritir, bedene yayilir [10, 139б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Алыстан шақырады

Жүректі толқытады

Балқытып, денеңе жайылады.

З.Исмаил «Алыстан сермеуді» «Алыстан шақырады» деп береді.

Аудармашының Абай ҿлеңінің алғашқы тармағының мағынасын осылай

түсініп, осылай аударуының негізінде қандай себеп жатқаны бізге белгісіз.

Сермеу сҿзі түркі тектес халықтардың тілінде бар екеніне күмҽн келтіру қиын.

Ҿйткені бұл сҿздің шығу тҿркіні кҿшпелі тұрмыс болмыстарымен сабақтас.

Салыстырмалы талдау барысында З.Исмаилдың «алыстан шақырадысы»

Л.Озеровтың аудармасындағы «издали зоветпен» сҽйкеседі. Алайда З.Исмаил

Абайдың осы ҿлеңін оның орыс тіліндегі аудармасынан (Л.Озеров) тҽржімеледі

деуге негіз жоқ. Біздіңше, З.Исмаил Абайдың «алыстан сермеуін» қолдың

қимылымен байланысты түсінуі мүмкін. Рас, «қол сермеу», «қол сілтеу» сҿздері

түркі тектес халықтардың тілдерінде түрлі мағынада қолданылады. Соған орай

бұл сҿздерді түркі тілді оқырмандардың ҿзі ҽрқалай қабылдап түсінеді. Осы

тұрғыдан келгенде, З.Исмаил «алыстан сермеудің» түрік тіліндегі баламасы

ретінде «алыстан шақыруды» таңдаған болуы ғажап емес. Оның үстіне қазақ

тіліндегі «алыстан сермеудің» түрік тіліндегі лайықты баламасы да осындай

болуы мүмкін. Бірақ түрік тіліндегі сҿздіктермен жұмыс істеу барысында

сермеу сҿзіне «seğirtmek» сҿзі лайықты балама бола алатындығын байқадық.

«Seğirtmek» қазақ тіліне ұша жҿнелу, ұмтылу, шұғыл бет алу болып

аударылады. Түпнұсқадағы «алыстан сермеп» тармағын түрік тіліне «Uzaktan

seğirtir» деп аударса «сермеудің» нақты контекстегі мағынасы сақталады деп

ойлаймыз. Дегенмен, З.Исмаилдың аудармасын оқып отырған қазақ

оқырманының ойында «қол бұлғау» ишарасынан туған мағынаның елесі

қалады. Ал «қол сілтеу» ишарасының мағынасы кҿңілден тыс қалады. Ҽйтсе

де, аудармада түпнұсқаның негізгі мағынасы сақталған деп айтуымыз орынды

болмақ.

Қырғыз тіліне А.Токомбаевтың аудармасы:

13

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!