15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

сарказмы біраз босаңсып, ҽдеттегі кҿп сҿздің біріне айналған. Абайдың осы

ҿлеңіндегі «кеселді іс» эпитеті тегін алынбаған. «Кеселді іс», «кеселді ой» –

ақын поэзиясындағы басты концепті. Ҿзінің 21 қара сҿзінде Абай: «Аз ба, кҿп

пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген

нҽрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын,

біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен ҿзін-ҿзі бағалы есеп

қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ

атанбастығын, ҽдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, ҿсекші, ҿтірікші,

алдамшы, кеселді осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді

бойына қорлық біліп, ҿзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез -

ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі», десе, 31 қара сҿзінде: «...ой

кеселі нҽрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.

Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға

салыну, я бір нҽрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл тҿрт нҽрсе - күллі ақыл

мен ғылымды тоздыратұғын нҽрселер», – деп кеселді іс, кеселді ойларды анық

кҿрсетеді.

Ұйғыр тіліне Һ. Бҽхниязовтың аудармасы:

Тенигҽнниң алди –түз, кҽйни-чатақ,

Уларға йол һарамниң сҿзин уқмақ

Малға тойған махтанчақ киши охшаш

Һеч йоқтур яман иштин зади қорқмақ [9, 23].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Адасқанның алды – түз (түзік), соңы (кейіні) – шатақ,

Оларға жол харамның сҿзін ұқпақ.

Малға тойған мақтаншақ кісі ұқсап,

Еш ойы жоқ жаман істен тіпті қорқпақ.

Ұйғыр тіліндегі аудармада Абай ҿлеңдерінде жиі кездесетін «соқпақ» сҿзі

ұлттық реңктен алыстап, «чатак» яғни, «шатақ», «адасу» сҿздерімен берілген.

Сондай-ақ, «малға бҿгіп кісімсінген», «кеселді істен биттей қорықпайтын»

образ ашылмаған. Ол жай ғана мақтаншақ жан кейпінде кҿрінеді.

Шынтуайтында, Абай ҿлеңіндегі «малға бҿгу», «кеселді іс», «биттей қорықпау»

тҽрізді қолданыстар ҿлеңнің негізгі ойына арқау болып тұрған тірек тіркестер.

Олардың ҽрқайсысының этнолингвистикалық, семантикалық, эстетикалық,

поэтикалық арқалар жүгі мол. Ҿкінішке қарай, аталған аудармаларда осы

мҽселелер ескерілмеген. Туысқан халықтардың тілдерінде тілдік бірліктердің

ҿзара сҽйкес баламалары бары анық. Сҿлай дегенмен де кҿркем аудармада

түпнұсқаның ҽр сҿзінің дҽл баламасын тауып, ҽр сҿздің лексикалық мағынасын

бұлжытпай беру туралы талап қою ҽрқашанда дұрыс бола бермейді.

Жоғарыдағы салыстырулар аудармашылардың түпнұсқадан ауытқымауға,

алшақ кетпеуге тырысатынын кҿрсетеді. Алайда «адасқанның алды жҿн»

93

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!