15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Ҽуелден бір суық мұз – ақыл зерек,

Ысытар тұла бойды ыстық жүрек.

Бірсҿзділік, шыдамдылық, талаптылық,

Қайратыңнан шығады, білсең керек.

Мұнда да ҿзбек тіліндегі аудармадағыдай, «жылытар тұла бойды ыстық

жүрек» қолданысы «ысытар жими бойды ыстық жүрек» деп тҽржімаланады.

«Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық» деген үшінші жолды «Бірсҿзділік,

шыдамдылық, талаптылық» деп мағынасы жақын сҿздермен береді.

Абайдың қазақ поэтик тіл қорына қосқан жаңа метафорасы да аз емес.

Сҿздерін қазақтың ҿз тіл байлығынан алса да, оны қиюластырып қалауы үздік

шебер, беретін мазмұндары терең, жаңа образ, жаңаша ұғым болып шығады.

Мысалы:

Жүрек – теңіз, қызықтың бҽрі асыл тас,

Сол қызықсыз ҿмірде жүрек қалмас.

Жүректен қызу-қызба кете қалса,

Ҿзге тҽннен еш қызық іс табылмас [2,59б.].

Бұл – Абайдың 1902 жылы жазған ҿлеңі. Алғаш 1909 жылы Санктпетербургте

жарық кҿрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының ҿлеңі»

деген жинақта жарияланды. 11 буынды қара ҿлең ұйқасымен жазылған.

Ҽрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады [77, 260б.]. Ұлы ақын қызық та,

қызу қандылық та бҽрі жүректе дейді. Ҽсіресе, «Жүрек – теңіз, қызықтың бҽрі

асыл тас» деген жолда ҿмірдің философиясы жатыр. «Жүрек – теңіз, қызық –

асыл тас» метафорасын Абайдан бұрынғы ҽдебиеттен Абай қолданған түрді

кездестіре алмайтын жаңа қолданыс. Жаңалығы, ең алдымен мазмұнында. Осы

сҿздердің астарлы мағынасында қанша терең ой, терең пікірлер жатыр.

Абайдың басқа ақындардан ерекше қасиетінің бірі деуге болады.

Түрік тіліне З.Исмаилдың аудармасы:

Yürek denuz, mutluluğun hepsi elmas,

Mutlu olmayan ömürde yürek kalmaz.

Yürekten kor ateş gittiği zaman,

Başka candan daha ilginç can bulunmaz [10, 67б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Жүрек теңіз, бақыттың бҽрі алмас

Бақ болмаған ҿмірде жүрек қалмас

Жүректен ыстық от кеткен кезде

Басқа жаннан қызық жан табылмас.

100

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!