15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Will it not, poor thing, be turned into an ice block? [22, р.262].

Р.МакКейн Д.Роттенбергкке қарағанда жекелеген бірліктердің, тірек

ұғымдардың ағылшын тіліндегі баламасын дҽл беруге тырысқан. Екінші

тармақтың қазақ тіліндегі кері аудармасы мынадай болады: «менің ҿткір тілім

қыздыкіндей үнсіз жҽне ұялшақ болады». Аудармашы мұнда ҿткір тілді

қыздың тілімен салыстырып отыр. Жалпы осы тармақты орыс, ағылшын

тілдеріне аударған аудармашылар тілді қызға теңеп немесе қыздың тілімен

салыстырып ақынның айтайын деген түпкі ойын түсінбеген. Соңғы

тармақтарды қазақ тіліне кері аударғанда мынадай мағына береді:

Махаббат пен ашу күрескен менің байғұс жүрегім,

Мұзға айналмай ма менің байғұсым?

Түпнұсқадағы «қайран» сҿзін «байғұс» деп екі рет қайталап берген.

Аудармашы ҿлеңнің эмоциясын күшейту үшін ҽдейі қайталап отыр, бірақ

«бедное» сҿзін қанша жерден қайталағанымен ақынның «қайран» деген

қолданысындай ҽсер қалдырмайды. Ақын бұл сҿзге ҿз жүрегіне деген аянышты

ғана емес, құрметін де сыйдырған. Ақын метафоралық образ жасаудың озық

үлгісін кҿрсетеді:

Адасқан күшік секілді

Ұлып жұртқа қайтқан ой [21,51б.].

М.Дудиннің аудармасы:

Мысль моя, как щенок шелудивый,

На забытом кочевье скулит [20, с.15].

Бұл тармақтарды орыс тіліне бұлайша сҿзбе-сҿз аударуға болмайды.

Тармақтардың сҿзбе-сҿз аудармасы орыс тілді оқырмандарға оның мазмұнын

түсінуге қиындық тудырады. Дегенмен, аудармашы сҿзбе-сҿз аударды

дегеннің ҿзінде ҿрескел кемшіліктер жіберген. Түпнұсқада «адасқан»,

«қайтқан» сҿздерінің мазмұны мен мағынасы кең. Аудармада осы сҿздер түсіп

қалған. «Адасқан» сҿзі күшіктің мүшкіл жағдайын білдіреді, аудармашы болса

бұл сҿзді алып тастап, онын орнына күшіктің сыртқы кҿрінісін «қотыр»

сипаттағанды жҿн кҿрген. Күшіктің ұлығаны қыңсылаумен алмастырылған.

«Қайтқан ой» деп ақын ҿзінің ойының, сҿзінің тыңдаушысына жетпегенін

айтып отыр. Ҿлеңнің мазмұны күшіктің емес, ойдың адасқан күшік секілді

қайтып келуінде. Аудармашы ақынның түпкі ойын түсінбеген. Соның

нҽтижесінде ақынның образды ойы, мағынасы терең жҽне кҿрікті сҿзі

аудармадан ажарын жоғалтып, шырайы бұзылып кҿрінеді.

М.Дудиннің аудармасын қазақ тіліне кері аударсақ мынадай мағына туады:

«Менің ойым қотыр күшік сияқты, ұмыт қалған жайлауда қыңсылайды».

52

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!