15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

пікірінің маңызы зор [17,25б.]. Бірақ, аудармашылардың ақынның

шығармасынан ҿздерін кҿре алмай жатқандығы, туындыны ҿзі жазып

отырғандай сезінбейтіндігі, құрбандыққа бара бермейтіндігі анық байқалады.

Ҽ.Қодардың аудармасы:

Узнай же, что бахвальство, ложь,

Лень, сплетни, деньги на кутеж –

Твои враги повсюду.

Мысль, труд, стремлений высота,

Довольство малым, доброта:

Пять дел, в которых чудо [6, с.27].

Аудармада «еріншек» (безделье), «талап» (упорство) секілді нақты ұғымды

білдіретін термин дҽрежесіндегі сҿздер түпнұсқадағы мағынасын жоғалтып,

едҽуір қарабайырланып берілген. Ҽ.Қодар «бекер мал шашпақ» (деньги на

кутеж), «қанағат» (довольство малым) ұғымдарымен берген.

Ҽрине аудармашылардың екеуі де Абай ҿлеңінің жалпы мазмұнын берген

жоқ деп айта алмаймыз. Аудармаларда «бес асыл іс» жҽне «бес дұшпан» деген

қасиеттер ҽртүрлі, кҿркемдік-эстетикалық дҽрежеде беріледі. Дегенмен де,

автордың ой – пікірінің жалпы мазмұндық желісі сақталғанымен, Абайға ғана

тҽн шығармашылық тҽсіл, кҿркемдік болмыс, «сырты алтын, іші күміс» болып

келетін гармониясы ҽлсірейді.

Түпнұсқадағы жекелеген ерекше ұғымдарды, түсініктерді басқа тілде

жеткізу аудармашыдан терең білімді, үлкен еңбекті жҽне ақындық талант пен

шығармашылық шеберлікті талап етеді. Аудармашы үшін ең басты шарт –

автордың шығармашылық даралығын, ҿлеңдерінің тілдік-стильдік ерекшелігін,

оның шығармаларына арқау болған ҿмірлік шындықты тану. Бұл бағытта

аудармашы ҿз білімін еңбекпен жетілдіріп отыруы тиіс. Үлкен тҿзімділікпен,

табандылықпен шығармашылық шеберлігін жетілдіріп отырған аудармашы

кҿркем мҽтіннің барлық сыр сипатын жеткізуде табыстарға қол жеткізе алады.

Ағылшын тіліне Д.Роттенбергтің аударамасы:

Bragging and slander, odious lies,

Foul dissipation, laziness, too –

These are five things a man should despise! [7, р.89].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Мақтаншақтық жҽне ҿсек, пасық ҿтірік,

Лас азғындық, еріншектік,

Бұл бес нҽрсені адам жек кҿруі керек!

Аудармада ҿлеңнің ұлттық бояуы кҿрінбейді. Аудармашының

түпнұсқадағы ҽрбір деталь мен бейнелі мағынаны назардан тыс қалдыруына

24

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!