15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Қазақ тіліндегі сҿзбе - сҿз аудармасы:

Берекесі кеткен ел,

Суы сасық батпақ кҿл.

Құстар ұшып қаңқылдап,

Су іше алмас жазғы тҿл, – деген ұйғыр тіліндегі аудармада да түпнұсқадағы

«ашыған су» «сасық су» болып аударылады. Бұл аударманы ҿзбек ақыны

Н.Уринбаевтың, татар тіліндегі Н.Арсланның аудармаларымен салыстырып

қарар болсақ, ҿлеңнің алдыңғы екі жолын үш аудармашы да бірдей аударған.

Абайдың жыраулар поэзиясына тҽн 7-8 буынды толғау түрінде жазылған

ҿлеңінің ырғақтық жүйесі де сақталған. Алайда, ҿлеңнің соңғы жолдары ҿзбек,

татар тіліндегі аудармаға қарағанда, жетік аударылған.

Абай шығармаларында мол кҿрініс табатын «жүрек» категориясы ең ҽуелі

оның дүние танымдық түсінігінен, соның ішінде адам болмысы туралы, оның

түпкілікті мҽні жайындағы философиялық-танымдық, моральдық-эстетикалық

пайымдарынан айқын кҿрініс тауып, онан ҽрі ҽдеби-кҿркем бейнелеулермен,

тілдік ажарлы айшықтаулармен астасып жатады. Абайдың жүрек жайындағы

ой толғауларының негізі мен ҿзекті желістері «Ҽуелде бір суық мұз ақыл зерек»

(1889), «Кейде есер кҿңіл құрғырың» (1890), «малға достың мұңы жоқ малдан

басқа» (1896), «Алла деген сҿз жеңіл» (1896) сияқты тҿл шығармалары мен

«Менің сырым, жігіттер, емес оңай» (1897), «Жүректе кҿп қазына бар, бҽрі

қызық» (1899) деген аудармаларында қысқа тұжырымдала баяндалған.

Абай жүректі эмоциялық сезімнің, адамгершілік негіздегі рақымшапағаттың

кҿзі ретінде таниды. «Абай шығармаларында 1886 жылдан бастапақ

жүректің сырына тереңдеп үңілу, оны сан түрлі мағынадағы күрделі

ұғымдардың баламасы ретінде қолдану жағы жыл ҿткен сайын қоюланып,

молыға береді. Абай дүниетанымында жүрек адамзат бойындағы сезімдік

мүшелерінің ең күрделі ҽрі ішкі органдардың бірегейі деп саналады. Ол ҿзінің

17 қара сҿзінде жүректің атынан «... қан менен тарайды, жан менде мекен

қылады» деп аңғартқан. Мұндай кҿзқарастың түп -тҿркіні орта ғасырдағы ой

алыбы Ҽл-Фарабидан бастау алады. Сондай-ақ, Абайдың Шығыс

шайырларынан кҿп үйренгендігі байқалады. Жүрек культін кҿтере жырлау

Рудаки, Фирдоуси, Низами, Руми, Жами шығармаларында басымырақ болғаны

белгілі [63,259б.]

Жүрегі – айна, кҿңілі – ояу,

Сҿз тыңдамас ол баяу.

Ҿз ҿнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сҿзді тез? [2, 86б.]

«Айна – философиялық-эстетикалық феномен. Мифологиялық таным

бойынша айна екі ҽлем арасындағы шекара ретінде, ҿлімнің ажырамас бҿлігі

81

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!