15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Батырлыктан туа алар, белсҽң кирҽк [8, 80б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Бұрынғыдан мұздай салқын ақыл-зерек,

Жылытушы бүкіл тҽнді қайнар жүрек.

Тұрақтылық, талапшылдық жҽне ықтияр,

Батырлықтан туа алар білсең керек.

Ақынның «Ҽуелде бір суық мұз – ақыл зерек» деген эпитетті метафорасы

татар тіліндегі аудармасында «мұздай салқын ақыл-зерек» деп теңеуге

айналған. Сондай-ақ, «қайрат» сҿзі «батырлық» сҿзімен алмастырылған. Жалпы

мағыналары жақын болғанымен, бұл сҿздер дҽл осы контексте синонимдер

бола алмайды.

Ҿзбек тіліне Уйғуннің аудармасы:

Аввалдан бир совук муз – ақл зийрак,

Иситган бутун буйни иссиқ юрак.

Саботлик, талабгорлик, чидамлилик

Бу ғайратингдан чиқади, билсанг керак [78,47б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Ҽуелден бір суық мұз – ақыл зерек,

Ысытқан бүтін бойды ыстық жүрек.

Сабырлық, талапкерлік, шыдамдылық

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Аудармашы ҿлеңді барынша дҽлме-дҽл аударуға тырысқан. Абай кҿбінесе

жүректі «жылы жүрек» десе, бұл жерде «ыстық жүрек» деп алған. Алайда

«ыстық жүрек» дегенімен, «ысытқан» демей, «Жылытқан тұла бойды ыстық

жүрек»,– дейді. Бірақ, ҿзбек тіліндегі аудармада «Ысытқан бүтін бойды ыстық

жүрек», – деп аударылған. «Ысу», «жылу» адам баласына тҽн ұқсас қасиеттер,

екеуінің арасында мағыналық алшақтық жоқ. Десек те, поэтикалық тұрғыдан

қарастырар болсақ, «Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек» қолданысы

«Ысытқан бүтін бойды ыстық жүректен» қарағанда ойға да, тілге де

оралымды.

Ұйғыр тіліне М.Абдрахмановтың аудармасы:

Ҽзҽлдин бир соғ муздур – еқил зерҽк,

Исситар жими бойни иссиқ жүрҽк

Йҽккҽсҿзлүк, чидамлиқ, тҽлҽпчанлиқ

Ғҽйритиңдин чиқиду, билсҽң керҽк [9,67б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

99

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!