15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

аудармашы ҿлеңнің тек мазмұнын ғана емес, интонациясын да бұзған.

Түпнұсқада «жақсы кҿру, жек кҿру, қиналу» туралы ұғым жоқ.

Тҿртінші тармақта аудармашы «Құдай» деген жаңа образды қосқан. Бұл

түпнұсқада жоқ. Сондықтан да артық образ. Сонымен қатар ҿлеңді кҿркемдей

түсу үшін аудармашы «жылы» эпитетін қосқан тҽрізді. Аудармашының ҿзінің

тарапынан қосқан жаңа сҿздердің барлығы да түпнұсқаның мазмұнына кері

ҽсерін тигізген. Түпнұсқада ой жүректің мұз болуы туралы болса, аудармада

керісінше ол жүрек мұз сияқты ериді, яғни түпнұсқа мен аудармадағы ой бірбіріне

қарама-қарсы келген. Түпнұсқада «жүрек» ҽлі мұз болған жоқ, мұз

болатындығы немесе болмайтындығы туралы ойды ақын оқырманның еншісіне

қалдырған. Ал аудармада жүректің еритіндігі айтылады. Аудармашының жаңа

сҿздер қосып, шамадан тыс еркіндікке баруынан түпнұсқадағы мҽн, мағына,

мазмұн жоғалып ақынның емес, аудармашының ҿзінің қаламынан туған

туындыға айналған. Метафоралық образдар сол қалпында сақталғанымен, бүкіл

мҽн мазмұны ҿзгерген.

Ҽ.Қодардың аудармасы:

Не в земле ли сырой обрету я приют, умерев?

Не станет ли нрав мой скромнее стыдливейших дев?

Мое сердце, в котором боролись любовь и вражда,

Не станет ли льдом, где не властны ни радость, ни гнев?!. [6, с.59].

Ҽ.Қодар түпнұсқаның жалпы мазмұнын жеткізе алған. Дегенмен де, екінші

тармақта «ҿткір тіл» деген образды метафораның бір бҿлігін қарапайым түрде

«нрав» деп берген. Мұны аудармашы білмей жасады дей алмаймыз, бірақ біздің

талдауымызда образды метафоралардың аудармада қалай берілгендігі туралы

сҿз болып отырғандықтан мұндай кішігірім қателіктерге тоқталмай ҿтпеуімізге

болмайды. Сондықтан да, бұны қателік деп ұғамыз. Түпнұсқаның мазмұны

тҿртінші тармақта ҿзгеріске ұшыраған. «Не станет ли льдом, где не властны ни

радость, ни гнев?!.» деп ақынның «қайран жүрегін» аудармашы не қуаныш, не

ашу ҿктем жүргізбейтін мұзға айналдырады. Аудармашы жүректің сипатын (не

ашу, не қуаныш ҿктем жүргізбейтін мұзды жүрек) мұздың сипатына

айналдырған. Бірақ ақынның айтпақ ойы жүректің қасиеті туралы емес,

махаббат пен ғадауаттың күресінен шыдайалмай мұзға айналған жүрек туралы

болып отыр.

Ю.Нейманның аудармасы:

Когда умру, не стану ль я землей?

Язык мой дерзкий –девушкой немой?

Бездушным льдом- пылающее сердце,

Что за любовь боролось с жизнью злой?.. [3, с.138].

49

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!