15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

ұғымымен қатар қолданылады, сҿзін де сол «жұртына» арнайды. Ал

аудармашыда осы сҿз «бҿтен ел» болып аударылған. «Бҿтен» сҿзінің мағынасы

жат, бҿгде, ҿзге, бҿлек, бейтаныс, бейсауат, қаймана, т.б. сҿздерімен

баламаланады. Осы тұрғыдан келгенде, басты ойдан алшақтақтап кеткен. Ал

«тесік моншақ жерде қалмас» деген тіркесті қолданудағы ақын мақсатын

аңғарғанымен, аудармашы «тесік моншақты» «тесік түйме» деп аударады.

Қазіргі кезде «тесік моншақ» пен «тесік түйме» сҿздерінің екеуінің де

қолданылып жүргеніне куҽ болып жүрміз. Ҽйтсе де, түйменің онсыз да тесік

болатындығын ескерсек, «тесік түймеден» гҿрі «тесік моншақ» деу қисынға

кҿбірек келіңкірейді.

Ақын ҿлеңінің басында айтқан ойға ҿлең соңында қайта айналып келеді:

«Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң

жарар», – деген ақынның осы жолын аудармашы: «Ренжімеші, шырақтарым,

түсінгенің жарар», – деп аударады. Түпнұсқада «ренжімеші» деген сҿз жоқ,

ақынның «шамдану», яғни, ашулану, ызалану, долдану, тұлдану, шамырқану,

шіміркену, бұрқану мағынасында қолданған етістігін аудармашы «ренжу» деп

түсінген сыңайлы. Ҿлеңдегі бір сҿздің мағынасын дұрыс түсінбей аударудың

ҿзі ҿлеңнің мінезін ҿзгертеді. Сол себепті сҿз мағынасын жақсы ұғынып, сҿз

жүйесін таба білу – аудармашыға басты керек қасиеттердің бірі.

Қырғыз тіліне А.Токомбаевтың аудармасы:

Сҿз угар ушу кезде киши барбы,

Айталбайм жалпы журтка бирдей жагар.

Жазган соң, тешик мончок жерде калбас,

Бирҿҿдҿн бирҿҿ алып, элге тарар.

Бир киши эмес, жазганым жалпы журтка

Шашылбастан балдарым тыңшасаңар.

―Ит мончокту кантмекчи‖ деген сҿз бар,

Шооласы бар жигиттер ойлоп карар [11,19], –

деген аудармашы Абай ҿлеңін «Сҿзді ұғар осы кезде кісі барма, Айта алмаймын

жалпы жұртқа бірдей жағар. Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ, Біреуден

біреу алып елге тарар», – деп сҿзбе-сҿз аударма үлгісін жасаған. Аударма мен

түпнұсқада 100 пайызға жуық жақындық бар деуге болады. Ал келесі «Бір кісі

емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар», –

деген жолдарды «Бір кісі емес жазғаным барлық жұрт қой, Асықпай балалар,

тыңдасандар» деп аударған. Жоғарыда «шамдану» сҿзінің ашулану, ызалану,

долдану, тұлдану, шамырқану, т.б. мағына білдіретіндігін айтқан болатынбыз.

Сондықтан, «шамдану» мен «асықпау» сҿздерінің семантикалық алшақтығы

жайлы айтпаса да белгілі. Сондай-ақ, ақын «шамданбай-ақ, шырақтар» деп ш,

ш дыбыс үндестігіне де мҽн берсе, екіншіден, «шамданбай-ақ» дегендегі -ақ

деген күшейтпелі шырайдың жұрнағын жалғау арқылы ойдың қуатын еселей

түскен. Ал аудармада бұл жайт ескерусіз қалған.

127

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!