15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

тілдеріне аударылуында кҿптеген қателіктер кездеседі. Себебі, біріншіден,

аудармашы фразеологизмді тұрақты емес, тура мағынадағы лексикалық

бірліктер ретінде қабылдап, оны сҿзбе-сҿз аударады. Екіншіден, түпнұсқадағы

жекелеген фразеологизмдердің орыс тілінде бар баламасын таба алмайды.

Үшіншіден, түпнұсқада ауыспалы мағынада қолданылған тілдік бірліктерді

фразеологизм ретінде қабылдайды жҽне солай аударады. Бұндай жағдайларда

аудармада түпнұсқаның мазмұны, мҽні, кҿркемдік ерекшеліктері дҽл беріледі

деп айтуға болмайды.

Жалпы, фразеологизмдер етістіктен тұрады. Оларды атқаратын қызметіне

қарай екіге бҿліп қарастырамыз:

1) Болымды қызметтегі етістікті фразеологизмдер (сол сҽтте болған, болып

тұрған мағынаны береді).

2) Болымсыздық қызметіндегі етістікті фразеологизмдер. (Бұл түр іс-ҽрекеттің

жүзеге аспағандығын ғана білдірмейді, оған қосымша бейнелі реңк береді.мыс:

нҽр сызбау, кҿз ашпау т.б.)

Абай қолданылған тіркестерге болымды қызметтегі етістікті

фразеологизмдер тҽн. Мҽселен, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран

жұртым» деген ҿлеңінің бір тармағы тұтастай «Аузымен орақ орған ҿңкей

қыртың» деген фразеологизмнен құрылған. Осы фразеологизмді С.Липкин

мынадай үлгіде аударады: «режет всех без разбора твой серп - язык [20,90б.].

Қазақ ҽдеби тілінде «аузымен орақ ору» бар, жҽне «орақ ауыз» кісі бар. Бұл

екеуінің беретін мағынасы екі басқа. Аудармашы түпнұсқадағы «ауызбен орақ

ору» туралы ұғымды жойып, оның орнына «орақ ауыз» туралы ұғымды алып

келеді. Аудармашының «серп-язык» дегені қазақтың «орақ ауыз» дегеніне

сҽйкес келеді. Яғни,аудармашы «аудармашының жалған досымен шатастырған.

«Орақ ауыз» шешен, сҿзге жүйрік деген мағынаны береді. «Ауызбен орақ ору»

тіркесінен «бос сҿйлеу, кҿп сҿйлеу (пустослов), бірақ ешқандай іс тындармау»

(палец о палец не ударить) деген мағынада қолданылып тұр. Қазақтың

жалқаулығын кҿрсетіп тұрған фразеологизм, осы ҿлеңде макрообраздық қызмет

атқарып тұр. Орыс тілінде «молоть языком» жҽне «палец о палец не ударить»

сияқты екі фразеологиялық бірліктен түпнұсқадағы «ауызбен орақ ору» туралы

фразеологиялық бірліктің толық мазмұны шығады. Осы бірліктерді үйлестіріп,

барынша түпнұсқаға сҽйкестендіріп қолдану аудармашының шеберлігіне

байланысты. Аудармада ақынның «қырт» (болтун, пустослов) туралы сыншыл

ойы аудармада «мінсіз, сҿзге жүйрік кісі» болып шыққан. Демек, түпнұсқада

Абайдың берген басты ақпаратты макрообразы, аударма барысында солғындап

логикалық құндылығы жоғалып, коммуникациялық мақсат сақталынбаған.

Ҿлең жүйесіндегі ұлттың қисынды ойлау жүйесімен тығыз байланыстағы тілдік

құбылыстар – экстралингвистиканың ерекшеліктерін жете білмеуден,

аудармашы тарапынан үлкен кемшіліктерге жол берілген. Ю.Кузнецовтың

тҽржімасына назар аударайық: «А твои пустозвоны гремят языком» [19, с.139].

Ю.Кузнецовтың аудармасы басқа аудармашылардың нұсқасымен

салыстырғанда түпнұсқаға жақын келеді, аудармашы оқырманаға

59

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!