15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

назардан тыс қалған. «Кҿңіл ояу» тұрақты тіркесін «кҿңілі пҽк» сҿзімен

алмастыруға болмас. Тіпті, келесі жолдардағы түпнұсқада кездеспейтін

«Тамырда қан ойнап» етістігінің қандай мақсатпен қолданғанын түсіне

алмадық. Бұдан шығар қорытынды, аудармашы ақындық идеяны аша

алмаған.

Зерттеу еңбектерде Абайдың шамамен 1889 жылдары жазылған делінген

«Ҽуелде бір суық мұз ақыл зерек» деген ҿлеңінде ақын жүрекпен қатар ақыл,

қайрат сынды адам бойындағы күрделі ұғымдарға алғаш рет ерекше назар

аударып, ой толғай бастайды. Ғалым М.Мырзахметұлының айтуынша: «Осы

үштік ұғымның философиялық мҽн-мағынасынан ҿз ҿмірінің соңғы шағына

дейін қол үзбеген. Абай философиясының үш тағаны – «иманигүл үш сүю».

Біріншісі – махаббатпен жаратқан Алланы сүю, екіншісі – адамзатты сүю,

үшіншісі – ҽділетті сүю. Абай адамның негізгі үш қасиетіне ыстық қайратты,

жылы жүректі, нұрлы ақылды жатқызады» [63, 87б.] С.Қасқабасов: «Ыстық

қайрат» - бұл үнемі іздену, алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге

сҽуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, құдай берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау.

Ал «жылы жүрек» – иман жүзді болу, адамдарға түсіністікпен қарау, олардың

мұң-мұқтажын, кҿңіл-күйін ұға білу. Міне осы үш қасиет ізгілікті мақсатта

пайдаланылған жағдайда ғана адам деген мҽртебеге ие болуға болады», – дейді

[65, 31б.].

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нҽрсе - адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [2, 3б.].

Абай ҿзінің дүниетанымында ақыл, қайрат, жүректің бірлігіне үлкен мҽн

береді. Абайдың осынау үлкен философиялық ойға құрылған ҿлеңін

аудармашылардың қаншалықты жеткізгендігін байқап кҿрейік.

Татар тіліне Ҽ.Исхактың аудармасы:

Моны укып, уйлап кара, булсаң зирҽк,

Хезмҽт белҽн яшҽ, байлык нигҽ кирҽк?

Саф оч нҽрсҽ һҽр кешенең, чын сыйфаты:

Бетмҽс гайрҽт,якты акыл, кайнар йҿрек [8,143 б.]

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Мұны оқып, ойлап қара, болсаң зерек,

Қызметпен жаса, байлық неге керек?

Таза үш нҽрсе ҽр адамның шын сипаты,

Бітпес қайрат, нұрлы ақыл, ыстық жүрек.

84

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!