15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

айтылатын сҿзге тҽн ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп,

соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Абайдың ҿлеңдерінде аралас

буынды ҿлең ҿлшемдері де жиі қолданылады. «Сегіз аяқ» осындай үлгімен

жазылған. Мұнда 5 жҽне 7 – 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп

отырады. Ҿлең ҿлшемі сҿздердің тек сыртқы ҿрнегі ғана емес, ол ойдың

ҿрістеуі, сҿздердің мағыналық ҿзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.

Ал аудармадағы буын саны бестен асып, 6-7 буынды ҿлең болып аударылған.

К.Сағындықов мақал – мҽтелдерді аударуда мынадай қағидаларды ұстанады:

«сҿздердің заттық образды мағынасын сақтай отырып мақалды дҽл аудару.

Қазақ тіліндегімен сҽйкес келмейтін, бірақ мазмұны мен сипаты қазақшаға

жақын келетін жаңа мақал-мҽтелдерді жасау; қазақ тіліндегі мақал-мҽтелге

баламалы болатын мақал-мҽтелдерді қолдану» [92, 170б.].

Қырғыз тіліне А.Токомбаевтың аудармасы:

Илимди издеп,

Дүйнҿнү кҿздҿп,

Чартарапка үңүлдүм,

Кулагын салбас,

Тилиңди албас,

Кҿп наадандан түңүлдүм.

Эки кеме куйругун,

Карма, жетсин буйругуң! [11,70б.].

Ілімді іздеп,

дүниені кҿздеп,

шартарапқа үңілдім.

Құлағын салмас,

Тіліңді алмас,

Кҿп наданнан түңілдім.

Екі кеме құйрығын,

Ұста жетсе бұйрығың!, –

деген қырғыз тіліндегі аударма дҽл аударылған аудармалардың қатарында.

Мұндағы байқалар ҿзгешелік, ақынның «Екі жаққа үңілдім» деген қолданысын

аудармашы «шартарапқа үңілдім» деп аударады. «Шартарап» сҿзі ҽлем, жержаһан

деген мағынаны білдіреді. Мысалы, «Кҿңіл құсы құйқылжыр

шартарапқа» (Абай). Жоғарыда айтып ҿткеніміздей, ақынның «екі жақ» деп

отырғанының біріншісі – діни, яғни ислам қағидаларына негізделген Шығыс

мұралары болса, екіншісі – ақынның батыстан үйренген заманауи білімі болса

керек. «Сегіз аяққа» тҽн ҿлең ҿлшемдері аудармада да мықтап сақталған.

Ҿлеңнің жалпы мағынасы түсінікті, дҽл жеткізілген. Абайдың бұл ҿлеңін

қырғыз тіліне аудармай-ақ, қырғыз тіліндегі оқырмандар түсіне беретін

сияқты.

121

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!