15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? [2, 22б.].

Бұл жай ғана ҿлең емес. Абайдың соңғы айтар сҿзі. Ҿміріне есеп беріп,

ҿлімге бет бұруы. Ол ҿзінің үмітсіздігін жария ете отырып, жанын түсіну үшін

сауға сұрайды. 1898 жылы жазылған бұл ҿлең – оның ҿз ҿміріне берген

қорытындысы. Ҿзі кҿп айтатын «жан қуатының» қайта бастағанын сезінген

зауалды тұсы. Ҿлімнен сескенбей, оның бетіне тура қараған қасіретті кезеңінің

басы. Бұдан кейінгі «таусыншақ күндері» сол ҿлімнің мҽн-мағынасын

талдаумен, ҿзін-ҿзі іштей жеумен, ақылын кемітумен ҿтті [43,387б.].

Ю.Кузнецовтың аудармасы:

Когда я умру, то с землей смешается прах.

Умолкнет мой острый язык,

Словно дева в слезах.

И бедное сердце, любя, ненавидя и мучась.

Растает, как льдинка у Господа в теплых руках [19, с.148].

Түпнұсқада кҿркем мҽтіннің антропологиялық, психологиялық,

концептуалды, формальды мҽндік аспектілері кҿрініс тапқан. Аудармада

түпнұсқаның психологиялық жҽне концептуалды аспектілері ашылмай қалған.

Түпнұсқаның алғашқы тармағындағы сұраулы форма аудармада жоқ.

Аудармашы сұраулы сҿйлемнің орнына хабарлы сҿйлем жасаған. Түпнұсқада

ақын ҿзінің ойын ҽдейі жұмбақтап, астарлап жеткізеді жҽне сол ойының басты

түйінін шешуді оқырманның ҿзіне қалдырады. Яғни түпнұсқадағы сұраулы

белгі бекерден орын алып тұрған жоқ. Бұл жағдайды аудармашы ескермеген.

Ал кері аудармадан екінші тармақтан «ҿткір тілім жым-жырт болады, жылаған

қыз сияқты» деген мағына туады. Түпнұсқада тілдің ұялшақ қыз сияқты болуы

емес, тілдің ұялшақ қызға айналуы туралы ақпарат бар. Аудармашы теңеу

ҽдісін қолданып түпнұсқаның мазмұнына кҿлеңке түсірген. «Жылауық қыз»

бен «ұялшақ қыз» екеуінің айырмашылығы бар. Аудармашының түпнұсқадағы

ақынның берген образын ҿзгертуі дұрыс емес. Орыс тілінде «ұялшақ» сҿзінің

баламасын табу қиын емес, сондықтан аудармашының бұл еркіндігі орынсыз.

Ҿлеңнің басты мазмұны үшінші жҽне тҿртінші тармақтарда берілген. Ҿлең ҿлім

немесе ҿлімнен кейінгі жағдай туралы емес, ақынның жүрегі, сол жүректің

тартқан азабы туралы болып отыр. Аудармашы осы жағдайларға назар

аудармаған. Тармақтарды қазақ тіліне кері аударсақ: «Байғұс жүрегім, жақсы

кҿріп, жек кҿріп жҽне қиналып, Құдайдың жылы қолында мұз сияқты ериді»

деген мағына шығады. Түпнұсқадағы «Қайран» сҿзінің эмоциясы күшті.

Ақынның кҿңіл-күйі, сезімі, қайғысы, жағдайы осының барлығы ақынның бір

ғана сҿзіне сыйып тұр. Сондықтан аудармадағы «байғұс» сҿзін «қайран» сҿзіне

сҽйкес балама деп қабылдай алмаймыз. Түпнұсқада ақынның ойы «махаббат,

ғадауат пен майдандасқан» нақты берілген. Аудармашының не себепті «любя,

ненавидя и мучась» деп кҿсемшеге айналдырғаны түсініксіз, мұныменен

48

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!