15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

«Аударманың түпнұсқаға жақындығы ҽріпті емес, рухты жеткізгенде

сақталады. Аударылатын сҿйлемнің ішкі дүниесі түпнұсқаның ішкі дүниесімен

сҽйкес келуі керек. Ҽр тілдің ҿзіне тиісті ҽдісі, ерекшелігі, қасиеті болады.

Бірақ түпнұсқаны қайта жасауға болмайды. Кҿркем аудармада алуға, қосуға

болмайды, егер түпнұсқада кемшіліктер болса, ол кемшіліктерді де дұрыс

жеткізу керек», – деген пікірін аудармашы ескеріп еркіндікке шамадан тыс жол

бермеуі керек еді [16, 205б.].

Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» ҿлеңінің келесі тармақтарында

адамның бес дұшпаны мен бес асыл іс туралы ойын баяндайды. Ҿлеңде адам

болмысына тҽн жақсы жҽне жаман қасиеттер нақты жіктеліп, ақынның

ҽлеуметтік-философиялық кҿзқарастарының басты ҿлшемдері тұжырымдалған.

Ҿсек, ҿтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, кҿнсеңіз [2, 60 б.]

М.Петровыхтың аудармасы:

Злословье, ложь, хвастовство,

Безделье и мотовство –

Вот пять врагов твоих, знай,

А разум и доброта,

Упорство, скромность и труд-

Доверья-не предадут [3, с.42].

Түпнұсқада «еріншек» яғни адамның қасиеті туралы айтылса, аудармашы

оны «безделье» («ҽрекетсіздік») деп жалпы құбылыстың атымен береді.

«Қанағат» сҿзіне дҽл баламасын бермей, «скромность» («сыпайылық,

ибадаттылық») деп алады. «Доверья - не предадут» аудармашының ҿзінің

тарапынан қосқан тармағы. Бұл тармақты М.Петровых ақынның «бес асыл іс,

кҿнсеңіз» деген тармағының орнына ҿзінің тарапынан ҿзгертіп қосқан.

Түпнұсқадағы «бес дұшпаның білсеңіз, бес асыл іс, кҿнсеңіз» деген

тармақтардың эмоциялық бояуы күшті, оқырманның назары бірден осы

тармақтарға түседі. Бұл тармақтар бір-бірімен тікелей байланысып

тұрғандықтан екеуінде, яғни бірін екіншісінен бҿлмей аудармада беру қажет

еді. Аударматанушы Н.Сағындықованың: «Аудармадағы ҿнер аудармашы ҿзі

аударып отырған туындыдан «ҿзін кҿргенде», «сол туындыны ҿзі жазып

отырғандай сезінген» сҽтте ғана басталады. Ҿз тарапынан қосу біреудің ісіне

араласу деген сҿз, автордың кҿңіл күйіне енжар қарайтын адам ғана бұлай

жасай алады. Автормен бірігіп кету, оған ерекше құрмет сезімінсіз аударма

ҿнерге айналмайды. Қандай да бір туындыны аударған кезде аудармашыға

үлкен табысқа жету үшін біраз құрбандыққа баруға тура келеді», – деген

23

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!