15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

айырмашылық бар. «Қылжаңдау» «бей-берекет күлкі, орынсыз іс-ҽрекетті

білдірсе, «қалжың» – ҽзіл, сықақ деген мағынаны білдіреді.

Бұл шығарма ұлы ақынның азаматтық ар-ожданының толғанысы, дүниеге,

болмысқа деген кҿзқарасы. Сондықтан, мұнда Абай абстракт ұғым атауларын

талғайды. «Бұл ҿлеңнің ҽр шумағы баяндау (тезис) мен қорытындыдан

(антитезистен) тұрады. Яғни, алдыңғы алты тармақ кіріпсе-баяндау тҽрізді

болып келеді де, соңғы екі тармақ (жол) алдыңғы баяндалған ойдың

қорытындысы ретінде берілген афоризм (сентенция, мақал іспеттес) болады»

[90, 44б.].

Ғылымды іздеп,

Дүниені кезіп,

Екі жаққа үңілдім.

Құлағын салмас,

Тіліңді алмас,

Кҿп наданнан түңілдім.

Екі кеме құйрығын

Ұста, жетсін бұйрығың

Абай – мұсылманша, яғни діни сауаты аса мол, сондай-ақ, дүниеуи ілімбілімді

терең игерген ақын. Ақынның мұндағы «екі жаққа үңілдім» дегені осы

ҿмір мен мҽңгілік ҿмірдің құндылығын игеріп, мҽнін түсінуге тырыстым дегені

болар. «Екі кеме құйрығын, ұста жетсе бұйрығың» деген халық аузында

бұрыннан бар мҽтелді де осы ойды жеткізуге қолданған болар деген ойдамыз.

А. Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «...Не нҽрсе

жайында жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай

жазады. Нҽрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сҿзінің бҽрі де халыққа

тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы

сҿзді сынаса, сҿз оқушыларды сынайды» – деген болатын [91, 52б.].

Татар тіліне М.Максудтің аудармасы:

Гыйлемгҽ бил буып

Һҽм дҿнья куып

Як-якка салдым эзне.

Һич колак салмас,

Телемне алмас

Наданнардан жан бизде.

Ике коймҽ койрыгы

Тотылмый ул берьюлы [8,76] –

деп ақынның «Ғылымды іздеп, Дүниені кезіп, Екі жаққа үңілдім» деген

жолдарын «Ғылымға бел буып, Һҽм дүние қуып, Жан-жаққа салдым зер» деп

аударады. Қазақ поэзиясы орныққан ҿлең ҿлшемдері ауызекі тілде күнделікті

120

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!