15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

1910 жылғы қолжазбасына сҽйкес «Қуатты ойдан бас құрап» түрінде алынған

[77, 102б.].

Ҿзбек тіліне У.Уринбаевтың аудармасы:

Аламли юрак, қайсар қул,

Захар каби аччик тил

Не езиб кетса, холи шул,

Емон курсанг, узинг бил [60,111б.]

Абайдың «Ызалы жүрек» эпитетін сол қалпында аударса, «долы қол»

деген дербес қолданысын «қайсар қол» деп алған. Жалпы, тілдік қолданыста

«Долы ҽйел», «долы дауыл», «долдану» сынды тіркестер біршама

кездескенімен, «долы қол» деген тіркес жоқ. «Қайсар қол» да солай. Ақынның

мұндағы «долы қолы» синекдоха. Яғни, бүтіннің орнына бҿлшек, кҿпшенің

орнына жекешені қолданған ақын сезімге ҽсер етеді. Бұл да ақын

жаңалығының бірі. «Улы сия, ащы тіл» эпитеті аудармада «у сияқты ащы тіл»

деген теңеумен берілген. Ҿлеңнің соңғы «Жек кҿрсеңдер, ҿзің біл» жолын

аудармашы «Жаман кҿрсең, ҿзің біл» деп аударады. Ҿзбек тілінде де, қазақ

тілінде де «жаман кҿру» етістігі жоқ, бұл ҿзбек аудармашысының ҿзіндік

қолданысы.

Ұйғыр тіліне Д.Ясеновтың аудармасы:

Ғҽзҽплик жүрҽк, күчлүк қол,

Зҽһҽрлик сия, аччиқ тил,

Немҽ язса, орни шу,

Ҿч кҿрсҽңлар ҿзҽң бил[9,160б.].

Бұл ҿлеңдегі «Ызалы жүрек» эпитеті ұйғыр тіліне тікелей аударсақ,

«Ашулы жүрек» деп аударылады, ызалы деп те түсінуге болады. Абай жүрек

мҽселесіне арналған ҿлеңдерінде «жүрек» сҿзінің алдына ҽртүрлі эпитет

қойып, оның ҽр алуан қасиетін ашады, эпитет арқылы «жүрекке» ҽртүрлі мҽн

береді. Мысалы: «ет жүрек», «асау жүрек», «қан жүрек», «күйген жүрек»,

«ыстық жүрек», «ызалы жүрек», «кірлеген жүрек», «шын жүрек», «елжіреген

жүрек», «ҿртенген жүрек», «сорлы жүрек», «ит жүрек», «жау жүрек», «ҿрбіген

жүрек», «суынған жүрек», «жылы жүрек», «ынталы жүрек». Бұл сықылды бір

сҿздің сан ерекшелігін ашып, түрлі мҽн беруді Абайға шейінгі ҽдебиеттен табу

қиын. Абай ҿлеңдерінде қолданылатын ҽр алуан эпитеттер автордың ойпікірімен

нық байланысып, мазмұнмен қабысып жатуы жайлы сҿз қозғағанда,

мұны тек Абайға ғана тҽн нҽрсе демейміз. Абай алдындағы Бұхар, Махамбет,

Дулат ақындар туралы да осыны айтуға болады. Бірақ Абай ҿзіне шейінгі ҽдеби

тілдің жақсы дҽстүрлерін дамытты. Ал «долы қол» эпитетін «күшті қол» деген

сҿзбен аударады, бұл ҿлеңді тым қарабайырландырып жіберген сияқты.

Ҿлеңдегі «Долы қол» – Абай ҿлеңдерінде бұрын-соңды қолданылмаған

114

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!