15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Түпнұсқада ақын тойып тамақ іше алмайтын жарлы-жақыбайларды «аш

адам» деп тура суреттемей, оны «аш қарын» сҿзімен алмастырып, тойып тамақ

ішіп, дҽмдіден дҽмдіні іздеген бай ұлын «тоқ адам» демей, оны «тоқ тұра алмас

дҽмдіден дҽмді іздемей» деп бүтіннің орнына бҿлшекті қолданған.

Ал аудармада «аш қарын», «тоқ» синекдохалық қолданыстары «Аш кісі»,

«Тоқ кісі» деп еркін тіркеске айналған. Жалпы ҿлеңдегі айтылар ойға нұсқан

келмеген, алайда поэтикалық тұрғыдан кҿркемдігі кеміген. «Бір тойсаң – шала

байлық, деген қазақ», – деп ел аузындағы афоризмге айналған қолданысты

аудармашы дҽл сол қалпында аударған.

Қырғыз тіліне А.Токомбаевтың аудармасы:

Ач карын алымсынбас майлуу жебей,

Ток турбас даамдуусунан даамдуу издебей.

«Бир тойгон орто байлык»- деген казак,

Эт берсе, кантмек эле кепшей бербей [11,117б.].

Қазақ тіліне сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Аш қарын қанағаттанбас майлы жемей,

Тоқ тұрмас дҽмдісінен дҽмді іздемей.

«Бір тойған шала байлық», – деген қазақ,

Ет берсе,қайтер екен тек шҽйнҽй бермей , –

деген аудармада аудармашы ҿлеңдегі «майлы ас жемей» тіркесін «майлы

жемей» деп аударады. Егер аудармашы «майлы ас жемей» деп ҿлеңдегідей

аударғанда 11 буынды ақын ҿлеңінің буын саны қырғыз тіліне аударғанда бір

санға артық болып кеткен болар еді. Мұны аудармашының сезімталдығы деуге

болар.

Ауызы асқа жарымаған, дҽмді ас іше алмаған кедей байғұс бір тойсам

деп армандаумен күн кешкен. «Бір тойған шала байлық» деген сҿз содан шықса

керек. Тоя тамақ ішпеген жарты құрсақ адамның байлық туралы ұғымы бір

тойғаннан ҽрі аса алмаған.

Ұйғыр тіліне И.Һошуровтың аудармасы:

Ач қосақ течлинамду тамақ йемҽй,

Тоқ туралмас сехилардин дҽм издимҽй.

«Бир тойған йерим байлиқ» дегҽн қазақ,

Гҿш болса, нҽ илажҽ чайнавҽрмҽй?[9,117б.].

Аудармашы ақынның ҿлеңдегі айтар ойын, кҿңіл-күйін сҿзбе-сҿз

жеткізеді. Ақынның 11 буынды қара ҿлең ұйқасы сақталады, тек қана

аудармадағы екінші жолдың буын саны 12 болып бір буынға артқан.

125

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!