15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Олай болмаған жағдайда аудармашы еңбегінің нҽтижелілігі туралы сҿз айту

орынсыз.

«Адасқан күшік секілді ұлып жұртқа қайтқан ой», ілгеріде айтылғандай,

ҿте күрделі жҽне бейнелі, Абайға дейін ешкім айтпаған суретті сҿз болып

табылады. Сҿздің пҽні «ой» туралы. Қалған сҿздердің бҽрі осының образы:

қайтқан ой; жұртқа қайтқан ой; ұлып жұртқа қайтқан ой; күшік секілді

ұлып жұртқа қайтқан ой; адасқан күшік секілді ұлып жұртқа қайтқан ой. Сҿз

болып отырған аударма туралы мұны айтуға болмайды. Ҽрине, аудармашы

«күшік» сҿзін «ит» деп аударғанда, ұйғыр тілінде «күшік» деген сҿз

болмағандықтан осылай істеп отырмаған болу керек. Ал «күшік» сҿзін неге

осылай аудару керек болды дегенге келетін болсақ, бұл сұраққа аудармашы

лайықты жауап бере алмайды. Аудармашының мұндай шешімін денотативтік

модель талаптарына мүлде сҽйкес келмейді демеске шара жоқ.

Ҿзбек тіліне У. Уринбаевтың аудармасы:

Шошган кучук щекилли

Увиллаб юртга қайтган уй

Укинады, йулинг епилди,

Овора булма, уни куй [60, 120б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Сасқан күшік секілді,

Ұлып жұртқа қайтқан ой.

Ҿкінеді, жолың жабылды,

Ҽуре болма, оны қой!, –

Ҿзбекше аудармасында да «адасқан күшік» емес, «сасқан күшік» деп

аударылған. Қазақ тілінде: «Сасқан үйрек артымен сүңгиді», - деген қанатты

сҿз бар. Осы сҿзге толық лингвистикалық талдау жасаған жағдайда, мынаған

кҿз жеткізуге болады: «сасу», «сасқан» сҿзінің лексикалық мағынасы а) белгілі

бір іске, қимылға қатысты ашылады; ҽ) белгілі бір іс, қимылды ойға салып

істеуге уақыт тығыз-таяң болған жағдайдағы психикалық күйді білдіреді.

Абайдың «адасқан күшігінің» күйі бұдан басқа. Алайда, жалпы мағынасы

түпнұсқаға жақын. Қазақ тілінің дауысты дыбыстарын ҿзбек тілімен

салыстырғанда, кейбір ҿзгешеліктер анық сезіледі. Ҿзбек тілінде дауысты

дыбыстардың саны ҽлдеқайда аз, оның үстіне жуан дауысты «ы»дыбысы жоқ,

оның орнына ―и (і)» дыбысы қолданылады. Ҿзбек тіліндегі «о» қазақ тіліндегі

«а, ҽ» дыбыстарының қызметін атқарады, сҿз буындарының жуан-жіңішкелігін

талғамайды.

Тҽуекел мен батыр ой

Ҿткір тілді найза етіп,

Сайысып-ақ бақты ғой,

107

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!