kozhakanova-dissertacia.pdf
Create successful ePaper yourself
Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.
қабылдауына бейімдеп, бұл контекстегі авторлық мҽн – мазмұнды аударма

тілдегі мҽнге ауыстырады, бұл сҿздердің айтылу мақсатын, себебін, астарын

түгел ескеруі тиіс. Қазақ халқын сынап, ҿзінің сҿзін, ақылын тыңдамағанға

кҿңілі қалып, ҿзге ұлт ҿкілдерін үлгі етіп жазған Абайдың ащылау сҿздерін ҿзге

тілді оқырман қате қабылдауы мүмкін. Олар Абайды ҿз халқына қарсы екен

деп ойлап, «не себептен ҿз ұлтына соншалықты суық қарады» деген ойда

қалуы мүмкін. Аудармашы осы жағына мҽн беріп, Абайдың авторлық идеясын

ҿз аудармасында жеткізуге ұмтылуы қажет.

2. АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ОБРАЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ

АУДАРМАДА БЕРІЛУІ

2.1. Абай шығармаларындағы метафоралардың аударылу сипаты

Кҿркем шығарманың да, кҿркем аударманың да басты бірлігі – образ.

Бірақ образ кҿркем аударманың басты бірлігі дегенде, ол бұл қасиетке түпнұсқа

түріндегі кҿркем шығарманың басты бірлігі деп отырған образға сҽйкес келсе

ғана ие болады. Ҿйткені образ ең алдымен эстетиканың категориясы, ол ҿмір

шындығының бейнесін жасаудың ҿнерге тҽн тҽсілдерін сипаттайды. Образ

жҽне образдылық ҿнер мен кҿркем ҽдебиеттегі негізгі ұғымдар болып

табылады, дегенмен де ҽлі күнге дейін бұл терминдердің нақты анықтамасы

жоқ. Кҿбінесе «сҿздік», «тілдік» жҽне «кҿркем» образдар ұғымдары шатасып

араласып жүреді. И.Ф.Волковтың пікірінше «кҿркем образ - кҿркем мазмұнды,

яғни шындық болмысқа тҽн кҿркемдік сипатты кҿрсететін бейнелеу

құралдарының жүйесі» [24, 75б.].

Абай ҿлеңдерінде қолданылған кҿркем образдардың аудармасын айтпас

бұрын, осы бейнелеу құралдарының поэтикалық аудармадағы лайықты

кҿркемдік сипаты жҽне кҿркемдік қызметі туралы сҿз қозғауға тура келеді.

Профессор Т.Есембеков: «Поэтикалық аудармада ҿлшем мен ұйқастың

сҽйкестігін сақтау аздық етеді. Ҿлеңге ҽуенділік, саздылық сияқты қасиеттер

тҽн болғандықтан мҽтіннің фонетикалық ерекшеліктеріне де назар аудару

керек. Поэтикалық аударма автор қолданған барлық бейнелеу мен суреттеудің

амал-құралдарын қатаң есепке алуды талап етеді. Аудармашы ондағы ой, сезім,

тҽжірибе, пҽлсапалық ұғым, образдың қайсысының жинақталып бейнеленгенін

ажыратып алғаны дұрыс. Поэтикалық аударма мҽселелері поэзиялық мҽтіннің

ерекшелігіне, оның мҽдени-тілдік, образдылық қасиеттеріне байланысты.

Мұндағы ҽдеби пішінге деген ерекше кҿзқарас, сҿздің семантикалықстилистикалық

ҿрісінің сан алуандылығы аударма үдерісіне салмақ түсіреді», –

деген пікір айтады [25,34б.]. Поэзия тілі – образды тіл. Поэзия аудармашысы

сҿздің мҽн мағынасын, дыбысталуын, аударма бірліктерінің образдылығын,

синтаксистік жҽне стилистикалық құрылымын дұрыс бере білуі тиіс. Ол

түпнұсқаның мағынасы мен мҽнін, образдылығын, эстетикалық ҽсерін

лайықты жеткізуі шарт. Поэзия аудармашысы түпнұсқаны мүмкіндігінше дҽл

38