15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

сол мергеннің ҿзінің ұстазына қолы барып атқандығында болып отыр. Ҿлеңді

орыс тіліне аударған үш аудармашының ішінде А.Жовтис түпнұсқаның жалпы

мағынанысын сақтайды, Ҽ.Қодардың да аудармасын сҽтсіз шыққан деп айта

алмаймыз, тек аудармада еркіндікке кҿп жол береді. Екі аударманың сапасымен

салыстырғанда А.Глобаның аудармасының деңгейі тҿмен.

Жалпы, кҿркем мҽтінде түгелімен үш құрылымды құрайтын деңгейлер бар.

Тілдік деңгей – вербалды деңгейге сҽйкес келеді жҽне бейнелеу

құралдарының белсенді жүйесін қамтиды. Ол ҿз кезегінде тілдік деңгейдің

барлық қабаттарын қамтиды: лексикалық (семантикалық), грамматикалық

(морфологиялық жҽне синтаксистік, сҿз жасайтын, фонетикалық т.б). Абайдың

мына ҿлеңінің тілдік деңгейлері аудармада қаншалықты сақталғанына назар

аударайық:

Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден.

Қайтып аман қалсын сау,

Қайтқаннан соң ҽрнеден [21, 45б.].

М.Петровых мынадай үлгіде аударады:

На сорок лоскутьев тоскою

Растерзано ты каждым днем...

Как же сердцу дожить в покое,

Изверившемуся во всем! [20, с.112].

Ақынның «жүрегім» деген коннотатты сҿзі аудармада «сердце» деп

денотатқа айналған. Аудармада тілдік деңгейдің жоғарыда айтылып ҿткен

қабаттары ҿзгеріске түскен. Аудармада «жүрек» деген маңызды концептіні

бірінші тармақта емес, үшінші тармақта беріп, басыңқы тұрғыны бағыныңқыға

ауыстырған. Түпнұсқада ақынның жалғызсыраған, құлазыған кҿңіл күйін

«жамау» сҿзінің астарынан ұғуға болады. «Жамау» сҿзінің түпнұсқадағы

қызметі мен эмоциялық ҽсерінің күштілігі соншалық аудармашыға орыс

тілінде дҽл баламасын табу оңайға соқпасы белгілі. Ҽдетте, киім жамау

болады, ал жүректің жамау болуы бұрын сонды болмаған құбылыс.

М.Петровых «жамау» сҿзінің мағынасын орыс тілінде екі сҿзбен береді.

(«тоска жҽне растерзано»). Аудармашы тармақты ұлғайтқанымен түпнұсқаның

мағынасын сақтаған. Екінші тармақтағы «каждым днем» аудармашының

тарапынан жасалған артық сҿз қосу. Түпнұсқада «уақыт» туралы ой жоқ.

Жүрегінің не себептен «қырық жамау» екендігінің жауабы екінші тармақта

берілген «қиянатшыл дүниеден». Аудармашы осы тармақтың маңыздылығын

білмеген, себебі бұл тармақ аудармада берілмеген. Жалпы, түпнұсқадағы

объективті ақпарат аудармада сақталған. Бірақ морфологиялық, лексикалық,

грамматикалық, синтаксистік ҿзгертулер ҿлеңнің ұлттық, эстетикалық бояуын

ҽлсіреткен. Түпнұсқа 6-7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Түпнұсқадағы

буын сандары аудармада сақталған.

30

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!