15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

етістігінің экспрессивтік бояуы солғын, ҽдеби стильден гҿрі ауызекі тілде

кҿбірек қолданылады.

Абайдың 1886 ж. Жазған ҿлеңінің бірі – «Адасқанның алды жҿн, арты

соқпақ...» ҿлеңі. Кҿлемі ҽрқайсысы 4 тармақтан тұратын 7 шумақ. Бұл Абайдың

ҿлеңді ҿндіре жазып, ақындық шеберлігін ҽр қырынан кҿрсете бастаған кезеңі.

Ол енді тақырып ауқымын кеңейтіп, ҽлеумметтік маңызды мҽселелерді

қозғайтын, оған ҿз қатынасын сыншылдық деңгейден айқын айта алатын биікке

кҿтерілген. Бұл тұста ақын даусы ашық та ащы, тілі ҿткір, айтпақ ойы

салмақты.

Адасқанның алды – жҿн, арты – соқпақ,

Оларға жҿн-арамның сҿзін ұқпақ

Қас маңғаз, малға бҿккен кісімсініп,

Ҽсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ [2, 52б.]

Қазақ тілін жете білетін адам үшін ақынның ҽр сҿзі түсінікті. Алайда ақын

сҿздерінің мағынасы мен мҽнін лингвистикалық тұрғыдан анық сипаттап түсіну

жҽне түсіндіру оңай емес. Мысалы осы тармақтағы бірінші шумақты алып

қарайық. Тармақ - ҿз алдына аяқталған бір ойды білдіріп тұрған синтаксистік

тұтастық. Екінші жағынан, тармақ мақал-мҽтел үлгісінде берілген.

«Адасқанның алды - жҿн», «адасқанның арты - соқпақ» секілді тілдік бірліктер

беретін ұғымдардың мҽнін ашу, нақты түсіну оңайға түспейді.

Абай ҿлеңдерінде «соқпақ» сҿзі бірнеше мҽрте кездеседі. Қазақ тілінің

түсіндірме сҿздігінде «соқпақ» сҿзінің мағынасы «жалғыз аяқ жол, алғашқы із,

сүрлеу» деген мағынаны білдіреді деп беріліпті. Қазақта «Соқыр сиыр

соқпақшыл», «мал жаманы соқпақшыл...» деген де мҽтел бар. Тура

мағынасында түсінсек, соқыр сиыр, мал жаманы ҿзі дағдыланған жолдан басқа

жол іздемейді, «Соқыр кҿргенінін жазбас» дегендей, басқа жаққа бұрылмайды.

Ақын адасқанына қарамай, алдым жҿн деп, артында кҿмескі соқпақ қалдырып,

бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зиянды құбылыстың мҽнін қарапайым тілдік

бірлік арқылы анық ашып береді. Туынды 11 буынды қара ҿлең ұйқасымен

жазылған.

Ақын ҿзінен басқаны тыңдамайтын, арамның сҿзін тыңдағанды жҿн

кҿретін «адасқандарды» «малға бҿккен кісімсінген», «қас маңғаз» деп

сипаттайды. Осындағы «малға бҿгу», «малға бҿккен кісімсіну» тіркестері де

Абайдың қазақ ҽдеби тіліне енгізген тҿл тіркесі болар деп шамалаймыз.

Ҿйткені, Абайдан бұрынғы зар заман ақындарынан, жыраулар поэзиясынан

мұндай тіркесті кездестіре қоймадық. «Бҿгу» етістігі жалпы ауызекі қолданыста

«семіру», «ҿсу» мағынасында қолданылса, ақын ҿлеңінде де осы мағынадан

алшақтамай, «ісіну», «ҿзінен басқаны кҿрмеу», «паңдану» ұғымдарын білдіреді.

Мұндай жандардың «кеселді істен ҽсте биттей қорықпайтын» қалпын кҿрсетеді

ақын. Осындағы «кеселді іс», «ҽсте», «биттей» секілді тілдік бірліктердің

лексикалық мағыналары бүгінгі оқушылардың біріне түсінікті болғанмен,

екіншісіне түсініксіз. Бұл сҿздердің ҽрқайсысына лингвистикалық,

91

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!