15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Абай осы ҿлеңінің екінші жолында «Еңбекті сат, ар сатып неге керек?»,

десе, аудармашы «қызмет жаса, байлық неге керек?» деп аударады. Алайда,

ҿлеңдегі басты ойды арқалап тұрған, Абай ҿз ҿлеңдерімен қоса қара сҿздерінде

жиі-жиі оралып, қайта-қайта қадап айтып, қарсылығын білдеретін «ар сату»

туралы айтылмаған. Ар – тура мағынасында адамгершілік ізгі қасиеттердің бірі.

Осы мҽселеге қатысты ақын ҿзінің қара сҿзінде: «Ардан кеткен соң тірі болып

жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпен мал

тап деген сҿз болса, ол – ар кететұғын іс емес, тыныш жатып, кҿзін сатып,

біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол адамның

ісі», – деген. Абайдың 3,13,29-қарасҿздері «ар» концептісіне арналған. «Бұл

жерде Абай ар – адамдықтың жоғары белгісі екендігін айта отырып, ардан

кеткен тірліктің мҽнсіз екендігіне баса кҿңіл бҿледі. Абайдың бір ғана ар

сҿзімен тіркесіп келген сҿз тіркестерін 27 ҿлеңінен кездестіруге болады, ал

Шҽкҽрім ҿлеңдерінің 20-сы ар есітікті басыңқы сыңарлы сҿз тіркесі арқылы ҽр

түрлі концептілік ҿрісте ғаламның тілдік бейнесі кҿрініс табады» [66, 13б.].

«Абай «сату» етістігін тіркес жасам құрамы етіп алады да, бұрыннан бар сақал

сату, ар-ұятын сату, жақынын сату дегендердің үстіне «еңбегін сату», «жан

сату», «терін сату», «күлкі сату», «кҿзін сату», «сҿз сату», «қылығын сату»,

«жүзін сату» деген сияқты он шақты жаңа тіркестер жасайды [67, 20б.].

«Үш-ақ нҽрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы

жүрек». Міне, бүкіл ҿлеңнің жүгін арқалап отырған осы үш сҿз. Осы үш сҿзге

Абай тарапынан мҽн беріле айтылып отырған анықтауыш сҿздер (ыстық,

нұрлы, жылы) тектен-тек айтыла салмаған. Бұл ұғымдардың ілкі

бастауларының келіп шығар түп-тҿркіні кҿне заман түкпірінен келе жатқан

философиялық ұғымдарға саяды. «Мысалы, Ҽл-Фараби: «... жүрек – ішкі

табиғи жылылықтың кҿзі. Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар

осыдан нҽр алып отырады», – деп атап кҿрсетуі Абай айтып отырған «жылы

жүректің» мағыналық тҿркіні қайдан шыққанынан хабардар етеді. Ҽл-Фараби:

«Жүрек – басты мүше. Бұдан кейін ми келеді, бірақ мұның үстемдігі бірінші

емес, екінші. Ҿйткені, ол барлық мүшелерді билейтін болса, оның ҿзін жүрек

билейді», – деген [68, 209б.]. Біздің ұғымымызда осы үш қасиет нық бекіген.

Олар тұрақты сҿз тіркестері тҽрізді орнын ауыстыруға, ҿзге анықтауыштармен

алмастыруға кҿнбейтіндей. Алайда, татар тіліндегі аудармада «ыстық қайрат,

нұрлы ақыл, жылы жүрек» басқаша сипатқа ие, яғни «бітпес қайрат, нұрлы

ақыл, ыстық жүрек» деп аударылыпты.

Ҿзбек тіліне У.Уринбаевтың аудармасы:

Уч нарса одамзод фазилати,

Зур ғайрат, ерқин ақл, қайноқ юракмиш [60,109б.].

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Үш нҽрсе адамзаттың қасиеті,

зор қайрат, еркін ақыл, ыстық жүрек

85

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!