15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

1 АБАЙ ӚЛЕҢДЕРІНІҢ МӘТІНІНДЕГІ МӘН МЕН МАҒЫНА

ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАРЫЛУЫ

1.1. Абайдың ақындық дүниетанымының ӛлең

аудармаларындағы кӛрінісі

Абайдың шығармашылық мұрасын тұтастай алғанда да, жеке бір

туындысын бҿліп алып қарағанда да мазмұн мен мағынаның, мҽннің байлығы

мен тереңдігі ерекше байқалады. Олардың ҽрқайсысының мҽнісін тану,

қабылдау оңай емес. Абайдың ҽр шығармасы, ақынның ҿзі айтқандай, «сырты

күміс, іші алтын» болып келеді. Басқаша айтсақ, ақын шығармасының пішіні

келісті болғанда, мазмұны одан асып түседі. Сондықтан Абай шығармасының

мазмұны мен мағынасын, мҽнін ұғыну, түсіну ҿте қиын. Белгілі бір түсінігі,

білім деңгейі жоқ кісі Абайдың сҿзін де, ойын да тиісті деңгейде түсіне

алмайды. Біздің бұл айтып отырғанымыз Абайды қазақ тілінде оқитын

оқырмандардың қайбір тобына қатысты. Ал, Абайды қазақ тілінде оқи

алмайтындардың Абай туралы түсінігі, Абайдың ақындығы туралы ұғымы

мүлде басқаша болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың кҿркемдік

ҽлемін түсіну, оны қабылдау ҿз алдына зерттеу нысаны болуға лайықты, іргелі

ғылыми мҽселелердің бірі болып табылады.

Абай шығармаларының мҽтінін қабылдау ҿте күрделі психикалық процесс.

Ақынның қай шығармасында да құбылыстың, заттардың, жағдаяттар мен

оқиғалардың тұтастай кҿрінісі бейнеленеді. Оларды қабылдау, дҽлірек айтсақ,

эстетикалық қабылдау ҽркімнің парасат деңгейіне сай жүзеге асады. Ал кҿркем

аударманың теориясында қабылдау ұғымы түсіну мен пайымдаудың,

бағалаудың біртұтас болмысы ретінде қарастыруды қажет етеді. Қабылдау

ұғымының ҿзі аударматануда толық айқындалмаған ұғымдардың қатарына

жатады. Соған қарамастан аудармашы үшін түпнұсқаның мҽтінін қабылдауды

аударма үдерісінің бірінші ҽрі негізгі кезеңі ретінде танығанымыз дұрыс. Оған

үстірт қарауға болмайды. Бұл кезеңнің нҽтижелілігі аударма үдерісінің кейінгі

сатыларының бҽрінің де сапалылығының басты шарты болып есептеледі.

Қабылдау, түсіну, пайымдау, бағалау мҽтіндегі мҽнді танудың бірден бір кепілі

болғандықтан, мҽтіндегі негізгі мҽнді танымай тұрып оны нақтылау, айқындау

жҽне аудару мүмкін емес.

Абайдың ҽр шығармасы тұтас бір күрделі құбылыстың бейнесі екендігі

туралы жоғарыда айттық. Ақынның ҽр шығармасының ҿзі де тұтас бір

кҿркемдік құбылыс. Оны сол қалпында, бүтін күйінде қабылдап түсіну қиын.

Оны түсіну үшін алдымен оның жекелеген құрамдас бҿліктерін түсіну қажет.

Бүтіннің бҿлшегін танымайынша бүтінді білу мүмкін болмайды. Сҿйте тұра

бүтіннің бҿлшегін түсіну үшін бүтіннің ҿзінің мҽнін тануға тура келеді. Осы

орайда қабылдау процессіндегі түсінудің ҿзі іргелі мҽселелердің қатарынан

орын алады. Түсіну бар жерде түсіндіру де болады. Түсіну мен түсіндірудің

арақатынасын анықтау да үлкен ізденіс жұмыстарын талап етеді. Бұл мҽселе

6

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!