15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

эстетикалық құндылығымен ерекшеленеді жҽне ҽдебиет теоретиктері оны

жоғары тектік жҽне бҿлінбейтін мҿлшер - шама деп есептейді.

Макрообраз (гр. macros – кең, ұзын) ҿмірді кҿркем бейнелеу жүйесін оның

түрлік жҽне тектік сегменттерінде (жеке бҿліктер, суреттер) ұйымдастырады.

Макрообраздың құрылымы ҿзара байланысқан біртекті микрообраздардан

құралады.

Микрообраз (гр. Micros - кіші) ең кіші мҽтіндік ҿлшеммен ерекшеленеді,

бұл образдық ойлаудың ҿлшем бірлігі, обективті шындықтың шағын бҿлігі

кҿркемдік тұрғыдан қайта туындайды. Микрообраз жеке фразалық сҿз, сҿйлем,

абзац болуы да мүмкін (Жауын. Түн. Күз.) Эпикалық шығарма (мегаобраз)

бірнеше макрообраздардан тұрады. Ҿлең мҽтінінде макрообраз бірнеше

микрообраздан құралып, керісінше, бір микрообразда мегаобразға тең болуы да

мүмкін. И. Ковалика – М. Коцюбинскаяның концепциясына сҽйкес, сҿздік–

кҿркем образдар арасында қарапайым (бір фразалы, кеңеймеген) жҽне күрделі

(кеңейтілген) микрообраздар болады. Аталған образдың түрлері Абай

шығармаларында молынан кездеседі.

Гегель: «Кҿркем образ біздің кҿз алдымызға абстрактылы мҽнді емес,

оның нақты ҿзін кҿрсетеді» – деген пікір айтады [31, 121б.].

В.Г.Белинскийдің пікірінше: «Ҿнер дегеніміз образды ойлаудың жемісі.

Позитивистер үшін кҿркем образ - эстетикалық лҽззат сыйлайтын идеяларды

кҿрнекі түрде кҿрсету жолы» [32, 136б.].

Образдылық туралы сҿз болғанда «ішкі форма» деген түсінікке тоқталып

ҿтпеске болмайды. Ішкі форма туралы алғаш рет В.Гумбольдт айтқан болатын.

«Тілдің ішкі формасы дүниетаным ерекшеліктерін сипаттайтын ұғымдар жүйесі

жҽне ол сыртқы формамен бейнеленеді. Мұнда мҽселе екі ұлттың дүниетанымы

туралы болып отыр.Тілдің ішкі формасын дүниені сезіну деп түсінемін» [33,

80б.]. В.Гумбольдтің теориясын А.А Потебня жалғастырады. Ол сҿздің ішкі

жҽне сыртқы формалары туралы теорияны ұсынады. Сҿздің ішкі формасы - ой

мазмұнының санаға қарым-қатынасы: ол адамға ҿз ойының қалай берілетінің

кҿрсетеді. Сондықтан бір тілдің ішінде бір затты сипаттау үшін бірнеше сҿз

жұмсалып немесе керісінше бірнеше затты бір сҿзбен ғана беріп отырады [34,

114б.]. Г.О.Винокур сҿздің ішкі формасы туралы А.А.Потебнянын зерттеуін

жалғастырып: «кҿркем сҿздің мҽні ерекше дыбыстық формасы бар белгілі бір

мазмұн ерекше дыбыстық сипаты жоқ басқа мазмұн формасы бола алады» –

деген пікір айтады [35, 154б.].

Сҿзде шындық ҿмір бар, суреткер оны екінші рет қайта жасайды. Ҽдеби

шығарманың мҽнмҽтінінде сҿз сҿздікте жоқ кҿркемдік кҿп мағыналыққа ие

болады. Кҿркем сҿздің образдылығы сҿйлеу құбылыстарын (экспрессивтілік,

троп) пайдаланғанға байланысты емес, сол сҿйлеу құбылыстарды

пайдаланудың принципіне, сипатына байланысты. И.Ф.Волковтың

сипаттамасына сүйене отырып, «кҿркем образға» мынадай анықтама береміз:

«Кҿркем образ - кҿркем форманың басты бірлігі, кҿркем мазмұнды жүзеге

асыратын нақты сезімдік құралдардың жүйесі, яғни ҿнер туындысында сҿздік

42

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!