15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

кеткендіктен, аталған қара сҿздің орыс тіліндегі экстролингвистикалық мҽні

сақталынбаған.

Р.Маккейннің аудармасы: «The red-headed Urus, once he spies an aul, gallops

fit to break his neck towards it, permits himself to do whatever comes into his head,

demands to hear all the rumours and gossip, and believes everything he is told».

Ағылшын тіліне фразеологизмді «demands to hear all the rumours and

gossip» деп аударады. Сҿзбе-сҿз қазақ тіліне кері аударатын болсақ «ҿсек пен

сыбысты тыңдауды сұрайды» деген мағынаны береді. Бұл сҿйлемде аудармашы

аударма теориясындағы түсіндірмелі тҽсілді қолданғандықтан, мҽтін

ұлғайтылған. Ағылшын тілінде түпнұсқадағы «ұзын құлаққа» «A talking shop»

деген фразеологизмді қолдануға болады. Дегенмен, сҿйлем құрамы ҽртүрлі

болғанымен, мҽтіннің коммуникациялық мақсаты сақталынған.

«Ҿзінің ҿмір сүрген шағындағы қазақтың ұлтсыздануы, азып-тозуы, мінезқұлқының

ҿзгеруі, тіпті бүкіл болмысының адамшылық сипаттан кете бастауы,

жұрттың білімнен қашықтап, надандыққа ұрынуы – осының бҽрі Абайдың

тҽнін емес, жанын ауыртады. Сондықтан да ол осы ащы шындықты айтып, елді

ширатуға, оятуға, намысына тиіп, қайраттандыруға тырысып, сыншылдыққа

толы, ҿкініші мол ҿлеңдер жазып, қара сҿзбен ойланып, күйзелді» [54, 17б.] –

деп, профессор С.Қасқабасов Абай қарасҿздерінің негізгі идеясын ашып береді.

Мҽселен, ақын оныншы қара сҿзінде қазақты сынай отырып: «Ешбір қазақ

кҿрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бҽрі де иттікпен

табады, иттікпенен айрылады». Мұндағы «иттікпен» деп малды ҽділетсіз,

сорақы жолмен табуды айтып отыр. Жалпы қазақ тілінде «ит» деген бірлікпен

байланысты фразеологизмдер жағымсыз мағынада қолданылады. Мысалы, «ит

пен мысықтай, ит тиген табақтай қарады, ішін иттей кемірді». Мҽдениеті, тілі

ҽртүрлі елдерде итке байланысты бірдей ассоциация қалыптасқан. Орыс тілінде

«жить как кошка с собакой, как с цепи сорвался, собаке пятая нога, собаке под

хвост, ко всем чертям собачьим» деген фразеологизмдер жағымсыз мағынада

қолданылса, «как собак нерезаных, вот где собака зарыта, каждая собака, ни

одна собака, как собака голоден, как собака на сене, собаку съел»

фразеологизмдері кҿптік мағынада, істің мҽнін, адамның санын, қасиетін

сипаттау үшін қолданылған. Ағылшын тілінде де ит сҿзіне қатысты

фразеологизмдер бар. Мысалы, «done up like a dog’ s dinner» жҽне «dressed up

like a dog's dinner» тұрпайы дҿрекі киінген адамға қатысты қолданылады.

Тұрғылықты жері жоқ, қаңғырған, лас иттің жағдайын дҿрекі киінген адамға

теңейтін осындай фразеологиялық тіркестер бар. Ағылшын тіліндегі иттің

шыдамсыздығын, сыйымсыздығын білдіретін «fight like cats and dogs», деген

фразеологиялық тіркестің баламалары орыс тілінде «жить как кошка с

собакой» болса, қазақ тілінде «ит пен мысықтай». Бұл үш тілдегі ұқсас

фразеологизмнің мағынасы мен мҽні бірдей. Ағылшын тілінде тағам атауына

«ит» деген бірлік қолданылып, «Hot dog» деген фразеологизм пайда болған. Бұл

фразеологиялық тіркес ағылшын тіліне сленг түрінде еніп, одан кейін бүкіл

ҽлемнің тілдеріне таралған. Фразеологиялық тіркесті сҿзбе-сҿз аударғанда

65

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!