15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

жанынан қосқаны. Сондай-ақ, түпнұсқадағы «онан да шықты жаңғырық»

тармағы «батыстан жаңғырық ұшады» (и эхо летит с заката) дегендей болып

аударылады. Аудармада жаңғырық шықпайды, нақтырақ айтсақ, ол ұшып

келеді. Мұнда аудармашы түпнұсқада жоқ кейіптеу тҽсілін қолданған. Абайдың

«баяғы жартас сол жартасының» орыс тіліндегі баламасын тҿрт аудармашы да

таба алмаған. Аудармашылардың барлығы «Естісем үнін, Білсем деп жҿнін»

деген тармақтар беретін мағынаны жартастан шығатын жаңғырықпен

байланыстырып, үн мен жаңғырықтың екі бҿлек екенін түсінбеген. Абайдың

талданып отырған шығармасының оның орыс, ағылшын тілдеріндегі

аудармаларымен салыстырып пайымдағанда белгілі болатын кемшіліктер,

олқылықтар түрліше. Ең бастысы аудармашылар түпнұсқаның негізгі, басты

деген мағыналық жүйесін дұрыс жеткізе алмаған. Аудармадағы толықтыру,

қысқартулар түпнұсқаның мазмұнын түгелдей ҿзгертіп жіберген. Мұның себебі

ҽрқалай болуы мүмкін, солардың ішінде, аудармашылардың түпнұсқаның тілін

жете білмеуі бірінші кезекте тұрады.

Абайдың шығармаларын орыс тіліне аударудың белгілі бір қалыптасқан

дҽстүрі бар. Бұл жерде мынадай факторларды ескеруге тура келеді. Біріншіден,

Абайдың ҿмірі мен шығармашылығы туралы орыс тілінде жазылған бірқатар

зерттеу еңбектері бар. Абайдың заманы, дҽуірі, қоғамы туралы да орыс тілді

авторлардың еңбектері жоқ емес. Орыс тілінде қазақ ҽдебиетінің мҽселелері

жайында жарық кҿрген зерттеулер аз емес. Осының бҽрі Абайдың

шығармаларын орыс тіліне аударушылар үшін үлкен кҿмек екені анық.

Екіншіден, Абайдың шығармаларын орыс тіліне аударушылар үшін Абайдың

ҿмірі мен шығармашылығының Қазақстандағы зерттеушілерімен де, Абайдың

шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жақсы білетін ақындармен де

пікірлесуіне, кеңесуіне мүмкіншіліктер мол. Басқаша айтқанда, Абайдың

шығармаларын орыс тіліне ойдағыдай аударуға қажетті жағдайлар бар. Соған

қарамастан ақын шығармаларының орыс тіліндегі аудармасында елеулі

олқылықтар барын жоққа шығаруға болмайды. Ақын шығармаларының орыс

тіліндегі аудармасының сапасы осындай деңгейде болғанда, оның ағылшын

тіліндегі аудармасының деңгейі қандай болатыны, болғаны ойландырмай

қоймайды. Ақынның «Сегіз аяғының» жоғарыда пайымдалған тармақтарының

ағылшын тіліне аударылу деңгейін қарастырғанда, түпнұсқаның мазмұны мен

пішіні бірдей бұзылғанына кҿз жеткізуге болады.

Ағылшын тіліне Т.Боттингтің аудармасы:

At mountains I shouted and cried.

I sought for an answer, and each time I tried

I heard many voices resounding again [ 7, р.72].

Т.Боттингттің осы аудармасы мен Л.Озеровтің аудармасының қазақ тіліне

сҿзбе-сҿз кері аудармасын (сҿзбе-сҿз кері аударған – біз) салыстырғанда,

мынадай жолдар шығады:

17

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!