15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Ұйғыр тіліне С.Мҽмҽтқұловтың аудармасы:

Ағдурулған бит-чит бу жут-бир сҽрап,

Иттипақ боп яшалмиди, қошалмай баш.

Кҿп ағзиға қарап жүрсҽң күнүн харап,

Ҿзҽңни ҿзҽң күткин, кҽл, қериндаш! [9,143б.]

Қазақ тіліндегі сҿзбе-сҿз кері аудармасы:

Аударылған быт-шыт бұл жұрт – бір сағым,

Бірге болып жасай алмады, қосылмай бас.

Кҿпшілікке қарап жүрсең, күнің қараң,

Ҿзіңді ҿзің күткін, кел, қарындас!

Ұйғыр тіліндегі аудармада «Тҿңкеріліп құбылған жұрт – бір сағым»

метафорасының сарқыншағы сақталғанымен, дҽл авторлық кҿзқарасты дҽл бере

алмаған. «Кҿптің аузын күзетсең күн кҿрмейсің, Ҿзіңді ҿзің күзет, кел,

шырағым!», - деген жолдарды аударуда аудармашы «ҿзіңді-ҿзің күзет» деген

тіркесті «ҿзіңді-ҿзің күткін» деп, «кел, шырағым!» дегенді «кел, қарындас» деп

аударады. «Шырағым» сҿзі қазақ халқында жасы кiшiге айтылатын қаpатпа

сҿз. Бұдан бҿлек бұл сҿздің қалқам, қарағым, қарғам, қарғашым, жарығым,

сҽулем, жарқыным, айналайын, т.б. варианттары бар. Алайда, аудармашы

осылардан бҿлек «қарындас» сҿзін таңдап алыпты. Қазақ тілінің түсіндірме

сҿздігінде «қарындас» сҿзінің тҿмендегідей нұсқалары берілген.

1)Бipге туған ағасынан жасы кiшi қыз.

2)Жасы үлкен еp адамның айтатын қаpатпа сҿзi. - Қаpындас, үйде кiм баp?

3)Кҿне. Ағайын-туған, бауыp. Таp қолтықтан оқ тисе, Таpтып алаp қаpындас

(Сейфуллин)

Ұйғыр тіліндегі аудармадағы «қарындасты» аудармашы ағайын-туыс,

бауыр мағынасында қолданған болуы мүмкін.

Татар тіліне Ҽ.Рҽшитовтың аудармасы:

Түнкҽеп барган йортым – минем сагым,

Чынлык эзлҽп, шулмы соң омтылганым?

Ят сүзенҽ карап кҿн күрерсеңме?

Үзеңҽ үзең карачы, и чырагым![8,165б.].

Ақын Абай «Кҿптің аузын күзетсең күн кҿрмейсің», десе, татар тіліндегі

нұсқасында:

Жат сҿзіне қарап күн кҿрермісің?

Ҿзіңе ҿзің қарашы, ей шырағым!, – деп аударылған. Ҿзіміз кҿріп отырғандай,

Абайдағы «ҿзіңді-ҿзің күзет» тіркесі аударма нұсқада «ҿзіңе-ҿзің қарашы»

түрінде алынған. Негізгі айтар ойдың салмағы, ой екпіні осы соңғы жолға түсіп

отырғандығын татар тіліндегі аударма кҿрсете алмаған. «Ҿзіңе-ҿзің қарау»

90

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!